Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімдігі қоғамдық көлік неден өртенгенін айтты

Алматы, автобус, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 13:32 Сурет: Zakon.kz
2023 жылы 15 ақпанда таңертең Алматыда №131 бағытта жүретін автобус жанып кетті. Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы бұл маркадағы автобустар жаңасына ауыстырылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Диспетчерлік қызметке №131 бағыт бойынша келе жатқан автобустан өрт шыққаны жөнінде ақпарат 15 ақпанда сағат 8:28-де түскен.

Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасының мәлімдеуінше, техникалық ақауды байқаған жүргізуші нұсқаулыққа сәйкес автобустағы жолаушыларды аялдамаға түсіріп кеткен.

"Бұдан соң автобус техникалық ақауларды жою үшін автопаркке бет алды. Әл-Фараби даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқанда қозғалтқыш бөлімінен өрт шығады. Жүргізуші өрт сөндіргішпен өртті сөндіру бойынша жедел шаралар қабылдайды, алайда біраз уақыттан кейін жарылыс болды. Сағат 8:45-те оқиға орнына келген ТЖД қызметкерлері өртті оқшаулап, 8: 50-де өрт ошағын толығымен жойды".Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы

Басқарма жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ екенін, қазір оқиға орнында уәкілетті органдар жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Өрт нормативтік пайдалану мерзімі аяқталып қалған "ЛИАз" маркалы автобуста болған. Автопарктің техникалық жай-күйін жоспарлы тексеру кезінде осы маркалы автобустардың тозығы жеткені анықталды. Сондықтан көрсетілетін көлік қызметтерінің сапасын және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру үшін автопарк ескі көліктерді ауыстыру үшін жаңа жылжымалы бірліктерді сатып алуды жоспарлады".Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы

Ведомство жылжымалы составты жаңарту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі жаңа автобустар сатып алып жатқанын мәлімдеді. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: