Тікелей эфирде балағат сөз айтқан павлодарлыққа айыппұл салынды
Сурет: Zakon.kz
Ұсақ бұзақылық ТikToк әлеуметтік желісіне мониторинг жасау кезінде анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Pavlodarnews.kz таратқан ақпаратқа сай,мониторинг барысында полиция Новоямышево ауылының тұрғынының тікелей эфирге шығу фактісін анықтады, онда ол дөрекі және әдепсіз сөздерді қолданған.
"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды, қаулы бойынша ауыл тұрғыны 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды," - деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.
Жылдың басынан бастап Павлодар полицейлері 140-қа жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесті, онда өңір тұрғындары заңға немқұрайлы қарады, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзды.
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript