Иранда жер сілкінді
Сурет: pixabay
Жерасты дүмпуі Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласының солтүстік-батысында тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ геологиялық қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 12:05-те болған.
Жер сілкінісінің ошағы Бендер-Аббас қаласынан 111 шақырым жерде, 21,3 шақырым тереңдікте орналасқан.
Әзірге жер сілкінісінің зардабы жөнінде ақпарат тараған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript