Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының маманы пара алғаны үшін сотталды
Сурет: freepik
Атырау қалалық №2 соты Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманынының үстінен қозғалған қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталының жазуынша, оған бірнеше рет ірі көлемде пара алды деген айып тағылған.
"Сот бас маманды өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыра отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада.
Тергеушілердің мәліметінше, Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы 2020-2022 жылдар аралығында жүк көліктерінің кедергісіз жүруіне көмектескені үшін 13 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен пара алған.
Параның жалпы сомасы 23 817 000 теңге болған. Кәсіпкерлер ақшаны әйеліне, анасына және енесіне жіберген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript