БҚО-да қылмыскерлерден 2 мыңнан астам ақбөкен мүйізі тәркіленді

БҚО-да қылмыскерлерден 2 мыңнан астам ақбөкен мүйізі тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 10:30 Сурет: Ұлттық қауіпсіздік қызметі
Полицейлер бес адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес адамнан тұратын қылмыстық топтан 2000-нан астам ақбөкен мүйізі табылды. Бұл туралы "Мой город" басылымы жазды.

Облыстық полицейлер "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сонымен қатар пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бабы бойынша (ҚР ҚК 339-1) қылмыстық іс қозғады.

Күдіктілер полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

25 ақпанда Маңғыстау облысында киіктерді атқан екі адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Қылмыскерлердің әрекетінен мемлекетке миллиард теңге залал келтірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: