Нью-Йоркте лаңкестік әрекет жасады деп танылған өзбекстандық жігіт өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Сондай-ақ Сайфулло Саипов шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынан айырылды, деп мәлімдеді АҚШ-тың Әділет министрлігі.
Бастапқыда айыптаушы тарап өлім жазасын талап еткен, бірақ ол барлық 12 алқабидің бірауыздан шешімі болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
АҚШ-тың Нью-Йорк оңтүстік округінің прокуроры Дэмиан Уильямс алқабилер бірауыздан шешімге келе алмағанын айтты.
Саипов 1998 жылы Ташкентте дүниеге келген. 2010 жылы ол Green Card ұтып алғаннан кейін АҚШ-қа қоныс аударған.
2017 жылғы 31 қазанда ол жалға алған жүк көлігімен Манхэттеннің орталығында велосипед жолында адамдарды қағып кетті.
Салдарынан 8 адам қаза тапты, оның ішінде 5 Аргентина азаматы бар, 11 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында арнайы күтімді қажет ететін екі бала бар. Олар мектеп автобусында келе жатқан. Саиповтың өзі полицейдің оғынан жараланды.
Іс материалдарына сәйкес, Саипов Қазақстан Республикасында тыйым салынған "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының атынан әрекет еткен, ұйым оны "сарбаздарының" бірі деп атаған.