Ресей Солтүстік Кореяға азық-түлік беріп, оның орнына қару алғысы келеді

Ресей Солтүстік Кореядан қару алмақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2023 14:49 Сурет: Zakon.kz
Ресей Солтүстік Кореяға азық-түлік беріп, оның орнына қару алғысы келеді. Сол үшін Мәскеу Пхеньянға ресми делегация жіберейін деп жатыр.

Мұны АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джон Кирби хабарлады.

Сондай-ақ, ол Құрама Штаттар екі мемлекет арасындағы келісімнің қалай жүзеге асып жатқанын жіті қадағалап отыратынын ескертті.

Ал Солтүстік Корея осындай мәлімдемелерді бірнеше рет жоққа шығарған еді.

Бірқатар бақылаушылардың пікірінше, Батыстың қатаң санкциясына ұшыраған Ресей өзіне аса қажетті қару-жарақты Солтүстік Корея мен Иран тәрізді мемлекеттерден сұрауға мәжбүр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: