Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы клубтың бармені есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 13:20 Сурет: ҚР ІІМ
Полиция қызметкерлері оның қылмыстық әрекетін өткен жылдың тамыз айында әшкереледі.

Мефедрон жеткізу арнасын анықтау іс-шарасы нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлерінің назарына қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің бармені түсті. Оның жұмыс орнында – түнгі клубтың бар кассасында мефедрон сатуды ұйымдастырғаны анықталды. Күдікті есірткі сату кезінде қолға түсті. Барды және жеке тінту кезінде одан сатуға дайындалған, ішінде мефедрон байламдары бар темекінің екі қорабы тәркіленді. Тергеу шаралары ұсталған азаматша тұрған үйде жалғасты. Күдіктінің құрбысы есірткіден құтылғысы келді, бірақ бұл ойы жүзеге аспай қалды. Сатуға дайындалған 20 доза мефедроннан бөлек, электронды таразы, қаптама материалы және есірткі заты бар 3 байлам табылды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен В. есімді азаматша, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3,6-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: