Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан топ ұсталды

Жалған 10 мың теңге шығарғандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 12:18 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бір күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталуда.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: