Доллар бағамы 4,5 теңгеге өсті

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 15:49 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,57 теңгеге көтеріліп, 448,82 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша 12:00-де 64,90 теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 484,5 теңге, рубль – 5,44 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448-452 теңге, еуро 490-497 теңге, ресей рублі 5,4-5,7 теңге аралығында сатылуда.

11 сәуірде мұнай бағасы сәл көтерілді. Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 0,68%-ға 84,75 долларды құрады, WTI мамырдағы фьючерстері 0,76%-ға өсіп, 80,35 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: