Астанада қыз бала биіктен құлап мерт болды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 19:58 Сурет: pixabay
10 сәуірде сағат 13:05-те "Мираж" тұрғын үй кешенінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, "102" шұғыл байланыс желісіне Мұхамедханов көшесіндегі үйдің ауласында қыздың биіктіктен құлап түскені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері қаза тапқан адамның жеке басын анықтады.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: