Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысып жүрген азамат құрықталды

Полиция пәтер ұрысын ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 13:58 Сурет: ҚР ІІМ
Күдіктіні Ақбұлақ ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінде жасалған ұрлықтан кейін полицияның арнайы жасағы ұстады.
"Бұл – Ақмола облысының 33 жастағы А.есімді тұрғыны. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті тек Алматы қаласы Алатау ауданындағы жеке секторда ұрлықпен айналысып жүрген. Сонымен қатар, оның қылмыстық іс-әрекетінің кеңейтілген географиясы да жоққа шығарылмайды. Ұсталған адамның жеке басы мәнді түрде тексерілетін болады. Қаскөйді бөтен адамдардың үйлеріндегі шағын цифрлық жабдықтар, мобильді құрылғылар мен гаджеттер қызықтырғаны белгілі болды. Тергеудің осы кезеңінде осындай алты эпизод анықталды. Аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс тіркелді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов."

Күдікті қамауға алынды. Заттай айғақтар тәркіленді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімімен оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі анықталғанға дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: