Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жаппай тәртiпсiздiкке қатысушыларға арматура таратқандар ұсталды

Тәртіпсіздік кезінде арматура таратқандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 11:43 Сурет: ҚР ІІМ
5 қаңтарға қараған түні “Шаңырақ” ықшамауданындағы үйлердің бірінде болгарканың көмегімен темір арматураның бөліктерін дайындаған топ ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Рolisia.kz Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының мәліметінше, 20 мен 24 жас аралығындағы алты ер адам ұсталған.

5 қаңтарға қараған түні “Шаңырақ” ықшамауданындағы үйлердің бірінде болгарканың көмегімен темір арматураның бөліктерін (70 см) дайындап, келесі күні жаппай тәртіпсіздіктің қатысушыларына таратқандығы анықталды. Айтпақшы, кездейсоқ куәгерлер бұл іс-әрекетті ұялы телефонның камерасына түсіріп алған. Бейнежазбадан адамдардың ГАЗель жүк шанағынан арматураны “түсіріп” жатқанын көруге болады. Іс-әрекет Төле би көшесінің бойында шығыс бағытта орын алды. Заңсыз әрекеттерге қатысушылар анықталды және ұсталды. Олар тәртіп сақшылардың денсаулығына зақым келтіру мақсатында тәртіпсіздікке қатысушыларға тарату үшін түні бойы қасақана темір арматуралар дайындағанын мойындады.Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков

Ұсталғандарға ҚР ҚК-нің 272-бабы 2-бөлігі бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айып тағылып отыр. Олар қамауға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: