Мектепте атыс шығарып, 9 адамды мерт қылған қазандық қаскөйге сот үкім шығарды
РИА Новости басылымының жазуынша, бұған дейін Татарстан прокуроры Илдус Нафиков сотқа Галявиевке алғашқы бес жылын түрмеде, содан кейін арнайы режимдегі түзеу колониясында өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынған. Сонымен қатар прокурорлар сотқа жәбірленушілердің моральдық шығынын өтеу туралы талабын толығымен қанағаттандыруды ұсынды, оның сомасы қазір шамамен 120 миллион рубль.
Ильназ Галявиев соттан түрмеге жібермеуін сұрап, жәбірленушілерің барлық шығынын өтеп беруге тырысатынын мәлімдеді.
Тергеу мәліметтері бойынша, Галявиев "деструктивті субмәдениеттердің бірінің бейресми өкілдерінің әрекетіне еліктеген, олар туралы мәліметтерді интернеттен алып, оны шабуыл кезінде қайталаған".
2021 жылғы 11 мамырда 19 жастағы Ильназ Галявиев, тергеу мәліметтері бойынша, №175 гимназияда жарылыс пен атыс ұйымдастырып, жеті бала мен екі мұғалімді өлтіріп, тағы 24 адамды жарақаттады. Ол қамауға алынды.
21 шілдеде Мәскеудегі Сербский атындағы орталықта жүргізілген сараптама Ильназ Галявиевті қылмыс жасаған кезде есі дұрыс болмаған деп таныды. Кейінірек Тергеу комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды. 16 қарашада қазандық қаскөйдің есі дұрыс деп танылғаны белгілі болды. Санкт-Петербургтегі №6 психиатриялық аурухананың мамандары "Құдай туралы айқайлағанына" қарамастан, Галявиев дайындық кезінде және мектепке шабуыл кезінде өзінің әрекетін түсініп істегенін мойындады.