Астана маңындағы өрт күш алып барады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
13 сәуір күні түстен кейін Астана әуежайының маңында құрғақ шөп пен қамыс жана бастады, бірнеше сағат өтсе де, өрт әлі ауыздықталған жоқ. Өртті сөндіруге Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 40 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда маңындағы өрт жөніндегі алғашқы хабарлама түскен соң сағат 12-28-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Халықаралық әуежайға қарай бет алған.
Төтеншеліктер ұсынған мәлімет бойынша, оқиға орнында жедел штаб құрылды.
"Сағат 14.30 жағдай бойынша құрғақ шөп пен қамыстың жану аумағы шамамен 3 гектарға жетті. Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 40 адамы және 5 техникасы мен әкімдіктің 4 СМ (суару жуу машиналары) өртті сөндіріп жатыр".Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ведомство өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.
"Өрттің себебі анықталады. Екпінді жел мен құрғақ шөп өртті сөндіруге қиындық келтіріп жатыр". Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Өрт әуе айлағының қызметіне әсер етпеген. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript