Астана полицейлері елде заңсыз жүрген 24 шетелдік азаматты ұстады
Іс-шараны өткізу барысында Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматы анықталды, ол сот шешімімен 2021 жылы елден шығарылған.
Елден мәжбүрлеп шығару үшін шетелдікке қатысты 30 тәулік мерзімге қамауға алуға шешім шығарылды. Астана қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта барлығы 14 шетелдікке қатысты елден мәжбүрлеп шығару үшін 30 тәулік мерзімге санкцияланған қамауға алу туралы шешім қабылданды.
10 шетелдік азаматты елордалық әуежайға дейін алып барып, мәжбүрлі тәртіпте Қазақстаннан шығарылды. Полицейлер елден шығару туралы шешімді орындамау қылмыс болып саналатынын және қылмыстық заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтті.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдіктердің елордада болуын, олардың шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын, уақытылы елден шығуын тұрақты негізде бақылайды.
Қала аумағында заңсыз көшіп-қонушылар мен ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмеген құқық бұзушыларды анықтауға жүйелі түрде рейдтер жүргізіліп жатыр.