Италияда ғалымдар жеуге және қайта зарядтауға болатын батарея жасады

Қуаттағыш ойлап тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2023 14:53 Сурет: pixabay
Италияның Милан технологиялық институтының ғалымдары жеуге және қайта зарядтауға болатын батарея жасады.

Оны құрастыруға миндаль, каперс, белсенді етілген көмір, теңіз балдыры, алтын жапырақ және балауыз пайдаланылған. Бұл қуаттағыш электродты миндаль мен каперстен алады, деп жазады qazaqstan.tv.

Батарея небәрі 0,65 вольтта жұмыс істейтіндіктен, адам ағзасына зиян тигізбейді. Сондықтан, онымен асқазан-ішек ауруларын анықтауға арналған шағын сенсорды қуаттандыруға болады.

Тағы бір айта кететін жайт, аккумулятордың ерекше прототипі адам асқазанын тексергеннен кейін сенсормен бірге қорытылып кетеді. Яғни, оны организмнен шығару үшін хирургиялық ота жасау қажет емес.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: