Астанада 14 жасар оқушы қылмыскерді ұстауға көмектесті
Сурет: Zakon.kz
Астанада 14 жастағы оқушы қарақшыны ұстауға көмектесті, сондай-ақ ол зардап шегушінің жанында болып, көмек шақырған, шабуылдаған қаскөйді де танып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кемеңгерұлы көшесінде затын ұрлау мақсатында қаскөй әйелге пышақ тақаған.
"Тергеу барысында белгісіз ер адамның кешкі уақытта жұмыстан қайтып келе жатқан 38 жастағы әйелге шабуыл жасағаны анықталды. Ол дене күшін қолданып, оның бағалы заттарын ұрламақ болып, кейін қашып кеткен". Астана қалалық ПД
Елордалық 14 жастағы оқушы болып жатқан оқиғаның куәгері болды. Әйелдің көмекке шақырып жатқанын естіген ол, оның жанына жүгіріп барып, сол кезде досының полицияға хабарлауы үшін оған телефон шалған. Содан кейін жасөспірім үлкен адамдардың әйелге көмектесуі үшін көліктерді тоқтата бастады.
Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция келді. Бала шабуыл жасаушының белгілерін сипаттап, полицияға ер адамның қай бағытта кеткенін көрсетті.
Полицейлер 30 жастағы ер адамды “ізін суытпай“ ұстады. Ол УҰИ-на қамалды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript