Ақмола облысында оқушы қауіпті қылмыскерді ұстауға көмектесті
Сурет: pixabay
Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім полицейлерге аса қауіпті қылмыскерді ұстауға көмектесті. Оқиға Щучинск қаласында болған. Адам өлтірді деген күдікпен іздестіріліп жатқан ер адам жасөспірімнің отбасына тиесілі жеке аумақта жасырынған.
Оны байқап қалған оқушы бірден құзырлы органдарға хабарласып, мән-жайды баяндапты. Тіпті, тәртіп сақшылары келгенше күдіктінің артынан аңдып, көмек қолын созған.
Қазір қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10-сынып оқушысы Мирас Шаймерденовтың бұл еңбегі елеусіз қалмады, деп жазады qazaqstan.kz.
Облыстық полиция департаментінің бастығы оған арнайы сыйлық табыс етіп, алғысын жеткізді.
"Дәл сол уақытта полиция қызметкерлері осы күдіктіні іздестіріп жүрген екен. Мен видео арқылы сонда жұмыс істейтін ағама хабарласып, қылмыскердің түр-тұлғасын көрсеттім. Кейін ол менің телефонымды жұлып алды. Бірақ мен сасқалақтамай, ол кісіні ауладан шығарып жібердім. Артынан аңдып, құзырлы орган өкілдерінің келгенін күттім." Мирас Шәймерденов, оқушы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript