Ақмола облысында бір мезетте 15 көлік соқтығысты
Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында қатты боран мен көктайғақтың кесірінен бір мезетте он бес көлік соқтығысты. Оқиға кеше Астана-Щучинск тасжолында болған.
Көлік апатынан бір адам зардап шекті. Ол бас-ми жарақатымен Макинск қаласындағы ауруханаға жатқызылған.
Полицейлердің мәліметінше, оқиға кеше түстен кейін болған. Көктайғақпен қатты боранның кесірінен жүргізушілер дер кезінде тоқтай алмай қалған, деп жазады qazaqstan.tv.
Оған қоса, жол нашар көрініп, қар да жауған. Оқиға орнына құтқарушылар жіберіліп, жолда қалғандарға көмек көрсетілді. Жалпы, соңғы бірнеше тәулікте өңірде ауа райы құбылып тұр.
Қар аралас жаңбыр жауып, жолды көк мұз басқан. Желдің екпіні де күшейген.
Сондықтан полицейлер алыс жолға шыққанда сақ болу қажеттігін ескертеді. Қазіргі таңда Ақмола облысына қарасты барлық жол ашық.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript