Төтеншеліктер Астанадан шығатын барлық жолдың жабық екенін ескертті
Сурет: Zakon.kz
Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қаладан шығатын тас жолардың барлығы жабық екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордада Қазгидрометтің мәліметінше, 15 сәуірде қар жауып, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Сынап бағаны түнде және күндіз 5-7 градусқа дейін күрт төмендеп, суық болады.
"112 шұғыл байланыс желісіне 14 сәуірде сағат 14.00-ден бастап әртүрлі сипаттағы 3000-нан астам қоңырау келіп түсті. Астана қаласы ТЖД бөлімшелері қатты желге байланысты металл конструкциялардың, қаптама плиталардың, шатырдың ұшуы, электр сымдарының тұйықталуы салдарынан 10-нан астам рет шақыртуларға шықты. Қазіргі уақытта жолдың нашар көрінуіне, қатты жел мен боранға, көктайғаққа байланысты барлық алты бағыт бойынша көлік құралдарының барлық түрлеріне республикалық маңызы бар автожолдар жабық. Астана - Қостанай тас жолы Қажымұқан ауылына дейін ғана ашық". Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Сондай-ақ төтеншеліктер елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына барудан бас тарту, сақ болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалау керектігін ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript