Астанада Ақбұлақ өзенінде коньки тебуге тыйым салынды
Сурет: pixabay
Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына мәлімдеме жасап, "Барыс" спорт кешенінің маңында коньки тебу қауіпті екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ауа райы жағдайының күрт өзгеруіне, мұздың жылынуына және еруіне байланысты Ақбұлақ өзеніндегі "Барыс" спорт кешенінің маңында ("Қазақстан" спорт кешенінің жаны) коньки тебуге тыйым салынды. Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласына ұшып келетін және ұшып кететін 45 рейс кешігіп жатқаны мәлім болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript