Ақмола және Қостанай облыстарында уақытша шектеу енгізілген жолдар ашылды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2023 15:26 Сурет: Zakon.kz
"Қазавтожол" мемлекеттік мекемесі республикалық маңындағы тас жолдардың 6 учаскесінде жол қозғалысына енгізілген уақытша шектеу алынғанын хабарлайды. Бұл Ақмола және Қостанай облыстарындағы бірқатар күре жолға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Ақмола облысындағы мына жол учаскелері қайта ашылды:

- "Екатеринбург-Алматы" тас жолында Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейін;

- "Жақсы-Есіл-Бұзұлық" тас жолында Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін;

- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолында Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін;

- "Жезқазған-Петропавл" тас жолында Қостанай облысы шекарасынан Знаменка ауылына дейін;

Қостанай облысында мына жол учаскелеріндегі уақытша шектеу алынып тасталды:

- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының Октябрьский ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық;

- "Жезқазған-Петропавл" күре жолының Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы.

Айта кетсек, Ақмола облысында жол сақшылары шектеу енгізілген жолдардан 700-ден аса көлікті алып шыққан болатын.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: