Бейжіңдегі ауруханадағы өрт 20-дан астам адамның өмірін қиды

Қытайдағы ауруханада өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 09:15 Сурет: видеодан скриншот
Бейжіңдегі аурухана өртінен 70-тен астам науқас эвакуацияланды, 21 адам қаза тапты.

Қытай орталық телеарнасының (CCTV) хабарлауынша, өрт 18 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында Қытай астанасының батысындағы Бейжің Чанфэн ауруханасының стационарлық бөлімшесінің шығыс қанатында шыққан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті 30 минут ішінде сөндірді. 2 сағаттан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: