Астанада мұнара краны құлады

Астана, кран, ҚР ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 15:03 Сурет: gov.kz
19 сәуір күні Астанада мұнара краны қақ бөлініп құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ ӨҚК Астана қаласы бойынша департаментінің мәліметі бойынша, аварияның алдын-ала себебі – шамадан тыс жүктеме.

"2023 жылғы 19 сәуірде сағат 09:25 шамасында Астана қаласы, Комсомольский т.м., Ақын Сара көшесі 53 учаскесі мекенжайында орналасқан Inshaat Invest ЖШС-нің "Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені" құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды (кран иесі – "ИП Капитал")", – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнын Қазадақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Астана, мұнара краны, апатты жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 15:03

Сурет: gov.kz

Департамент жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: