Жаңалықтар тізбегі
0

Әлеуметтік желіде фейк-парақшалар ашып, өтірік iPhone сатқандар ұсталды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 20:55 Сурет: polisia.kz
Күдіктілер Атырауда ұсталды. 18-20 сәуір аралығында өңір аумағында "Anti-fraud" іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Атырау облысы полиция департаменті және Талдықорған қалалық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес кызметкерлері бірлесіп қылмыстық топты анықтап, ұстады.

"Күдіктілер әлеуметтік желі арқылы жалған парақша ашып, Iphone телефонын саудалап, алаяқтық әрекетімен айналысқан. Нарықтағы бағадан арзан смартфон аламын деген тұрғындар ақшасынан оңай айырылып қалған. Ал алаяқтар ақшаларды қолма-қол шығару арқылы дропперлерге аударып, кейін өздерінің есепшоттарына аударып отырған. Жәбірленушілер арасында Семей қаласы, Алматы, Астана қаласы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау қаласы, Ұлытау, Өскемен қаласы, Шымкент, Орал қаласы, Павлодар облыстарының тұрғындары бар", - дейді полициядағылар.

Ұсталған 18 жастағы және 56 жастағы күдіктілер Алматы қаласының тұрғындары екені анықталды. Тексеру кезінде екі IPhone 14 және IPhone 12, IPhone 6s , Samsung, ноутбук, 12 SIM-карта, Beeline модемі, түбіртектер тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-баптың 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: