Көкшетау қаласының ҰҚҚКБ қызметкерлері заңсыз қару сақтаған азаматты анықтады
Қару-жарақ арсеналы жеке үйдің аумағында тұрған ақаулы көліктің жүксалғышында жасырылғаны белгілі болды. 18 сәуір күні Ақмола ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ қоймасын тапты.
4 бірлік қару, оның ішінде ИЖ-К 16 калибрлі мылтықтың тегіс ұңғылы бір ұңғылы кесіндісі, 16 калибрлі ТОЗ – БМ маркалы мылтықтың тегіс ұңғылы кесіндісі, ТТ тапаншасы және оқ-дәрісімен Удар – М2 аэрозольдік тапаншасы ВАЗ-2114 автокөлігінің жүксалғышынан табылды.
Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Одан әрі тергеу және жедел іс-шараларды жүргізу кезінде полицейлер қаруды сақтауға қатысы бар 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Сонымен қатар жедел уәкілдер бұл мылтықтар мен тапаншалардың Көкшетауда қалай пайда болғанын анықтап жатыр. Тергеу жалғасып жатыр.