Елордалық полицейлер көлік ұрлығына қатысы бар шетелдікті анықтады

Кейіннен ұрланған көлік қала көшелерінің біріндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері көлікті айдап кетуге қатысы бар 29 жастағы шетелдікті анықтады.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды көліктен шығарда қырағы болуды, барлық есіктер мен терезелердің сенімді жабылғанын тексеруді ескертеді. Ұрлықтың алдын-алу және көлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер көлігіңіздің кілтін бейтаныс адамдарға бермеуге кеңес береді. Егер cізге қарсы заңсыз әрекеттер жасалса, дереу “102” нөміріне хабарласыңыз.