Жетісу облысында жол апатынан бір әйел қаза тауып, екі адам жарақаттанды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2023 15:16 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
7 мамырда Жетісу облысының Ақсу ауданында Hyundai Tucson мен ГАЗ-53 ауыр жүк көлігі соқтығысып, қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы-Өскемен тас жолының 360 шақырымында кроссовердің жүргізушісі жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, жанама соқтығысқан, салдарынан ол жол жиегіне шығып аударылды.

54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Hyundai жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: