Қостанайда полицейлер терезеден құлап кете жаздаған 3 жасар қызды құтқарып қалды

Қостанай, балкон, терезе, полиция, құтқару жұмысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 16:03 Сурет: polisia.kz
Қостанайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында 3 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, үйінде жалғыз қалған қыз балконның терезесіне шығып тұрған. Бұны көрген куәгерлер “102” пультіне хабарлаған.

"Оқиға орнына дереу полиция патрулі, учаскелік инспектор және ювеналды полиция инспекторы келді. Учаскелік полиция инспекторы Ілияс Қазбаев екінші қабаттағы пәтерге көтеріліп, патрульдік қызмет маманы Олжас Амришевке үшінші қабатқа шығуға көмектесті. Екінші патрульдік полиция қызметкері Владимир Кит осы уақыт ішінде әріптесін сақтандыру үшін балконның түбінде тұрды. Пәтерге көтеріліп, полиция қызметкері қызды тыныштандырды. Сол кезде оның анасы да үйге келді", делінген  Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, ол қызын үйде жалғыз қалдырып, есікті жауып, дүкенге кеткен.


Қыздың анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: