Бішкек іргесіндегі ауыл қоршауға алынды: арнайы қызмет лаңкестің көзін жойды

Қырғызстанда лаңкестің көзі жойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 10:33 Сурет: pixabay
17 мамырда Шу облысының Дмитриевка ауылында атыс болды. Бішкекке апаратын жол жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg басылымында атап өтілгендей, ІІМ-нің арнайы жасағы тонауға қатысы бар күдіктілерді ұстауға әрекеттенген. Соңғысы оқ жаудырды.


Кейін Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі арнайы жасақ қарулы лаңкесті ұстау операциясын жүргізгенін нақтылады.

"Лаңкес жойылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылары жүр. Қазір ІІМ-нің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр". Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: