Шымкент қаласының полицейлері жол-көлік оқиғаларынан жантүршігерлік кадрлар жариялады
Сурет: Zakon.kz
Шымкенттік полицейлер құқықтық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Дегенмен ережеге бағынбайтын жол көлік оқиғасының себепкерлері азаймай тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлердің мәліметінше, мәселен, қалада соңғы 1 ай көлемінде 30 жол апаты тіркелген. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 38 тұлға түрлі дене жарақатын алған.
"Жол көлік оқиғасының негізгі себебіне жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуы, көлікті мас халде басқаруы, ара қашықтықты сақтамау, қарсы бағытқа шығуы жатады", – делінген Шымкент қаласы полиция департаменті жариялаған хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript