СҚО-да жоғалып кеткен оқушы қыз өлі табылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2023 17:39 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ПБ-ға Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жасар жиені таңертең үйден белгісіз бағытта кетіп, содан бері таппай жатқандары туралы телефон арқылы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, 20 мамырда таңертең жоғалған 8-сынып оқушысының денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан су шұңқырынан табылды.

ПБ қызметкерлерімен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, педагогтардан және жергілікті тұрғындардан құралған іздеу топтары ұйымдастырылды. Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокөлікпен және атпен жүргізілді.

"Аталған факт ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады", делінген полиция хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: