СҚО экологтары рұқсат етілмеген 40-тан астам қоқыс үйіндісін анықтады
Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының экология департаментінің қызметкерлері облыс өңірлерінен қырықтан астам заңсыз қоқыс үйіндісін анықтады. Оның жиырмадан астамы әкімшілік орталық - Петропавлда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экологтардан, полиция қызметкерлерінен және әкімдік қызметкерлерінен құралған мобильді жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданы мен Петропавл қаласын аралады. Бұл туралы Petropavlovsk.news жазды.
"Петропавлда іссапарлар барысында 25, Қызылжар ауданында 12, Жамбыл ауданында 1, Есіл ауданында 1, Мамлют ауданында 8 рұқсат етілмеген қоқыс шығару орны, сонымен қатар 3 белгіленген талаптарды бұзу фактіcі тіркелді. Оларды жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін әкімдіктер мен ішкі істер органдарына хаттар жолданды".Облыстық экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов
Анықталған 47 полигонның 10-ы жойылды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының экология департаментінің басшысы. Басқа да заңсыз қоқыс жинайтын орындарда жұмыс жалғасады, деп сендірді экологтар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript