Қырғызстанда Күдебаевтың қашуына қатысы бар төрт күдікті ұсталды

Қырғызстан, Қазақстан, Күдебаев ісі, Қырғызстан шекара қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 16:11 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қырғызстанның әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың шекарадан заңсыз өту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ішкі істер департаментінің экс-басшысы қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткен. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде Шекара қызметінің әскери қызметкері оның Қырғызстан аумағында болуын заңдастырған, деп мәлімдеді 24.kg.

"Ары қарай Серік Күдебаев "Манас" әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен.Әскери прокуратура заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іс бойынша төрт адам күдікке ілінді. Олар Бішкектегі №1 тергеу изоляторына қамалды, олардың бірі әскери қызметкер болса, қалғандары –  бейбіт тұрғындар", –  делінген 24.kg таратқан ақпаратта.

Күдебаевтың қашып кеткені 2023 жылғы 3 сәуірде белгілі болды. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратура мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: