СҚО-дағы ауыр жол апаты: Бір адам көз жұмып, тағы бесеуі зардап шекті

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 18:05 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
21 мамырда Қызылжар ауданы Соколовка ауылының маңындағы Есіл - Петропавл тас жолының 39 шақырымында Toyota Land Cruiser және Toyota Alphard көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан 6 адам зардап шекті. Оқиға орнында  Toyota Alphard-тағы 64 жастағы жолаушысы қаза тапты. Өзге зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, екі жүргізуші де мас болмаған. Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа орналастырылды.

ЖКО фактісі 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: