Абай облысы аумағындағы өрт қалай сөндіріліп жатыр
ҚР ТЖМ таратқан мәлімет бойынша, өртті сөндіруге жеке құрамнан 600-ден астам адам, 130-дан астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы, сондай-ақ "Қазавиақұтқарудың" 2, "Қазавиаорманкүзетінің" 1 және Қорғаныс министрлігінің 1 тікұшағы жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар вице-министрі мен Абай облысының әкімі аэровизуалды барлау жүргізді.
25 мамыр күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев 25 мамырда Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі енгізілетінін айтты.
2023 жылғы 22 мамырда "101" пультіне Бородулиха ауданында, "Ауыл" стансасынан 7 шақырым жерде Алтай аймағының Новенькое ауылында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Сағат 15:25-те Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт Абай облысы Бородулиха ауданындағы Ауыл стансасынан 7 шақырым жердегі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағына жеткен.