Павлодарда тас жолдың қақ ортасында шұңқырдың қалай пайда болғаны анықталды
Сурет: Instagram/tipavlo.dar
Павлодарда Ломов көшесі бойында Катаев пен Назарбаев даңғылы аралығында жолдың қақ ортасында шұңқыр пайда болды. Оған кәріз коллекторында диаметрі 600 мм болатын құбырлардың біріккен тұсының опырылуы себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Павлодар-Водоканал" ЖШС аталған жайтқа қатысты түсінік берді.
Қазіргі уақытта кәріз желілерінің апатты учаскесінен аққан суды уақытша соруды ұйымдастыру шаралары жүргізілуде.
"Кәріз коллекторындағы апатты жою үшін қажетті жөндеу жұмыстары 2023 жылдың 30 мамырына жоспарланған. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ломов көшесі бойындағы бағытта Катаев көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейін көлік қозғалысы шектелді", делінген ресми хабарламада.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүрісі бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Айта кетсек, 29 мамырда әлеуметтік желіде кең жолақты тас жолдың қақ ортасында пайда болған шұңқырдың видеосы тараған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript