Жаңалықтар тізбегі
0

Жаздағы "күз". СҚО-да ірі көлемде улы химикат төгіліп, жапырақтар сарғайып кетті

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2023 22:27 Сурет: Zakon.kz
Жапырағы сарғайып кеткен ну орманның видеосы желіде пайда болды. Видео авторының айтуынша, СҚО-да Шал ақын ауылында ірі көлемде аммиак төгіліп, экологиялық апат орын алған. Бұл мәліметті облыстық табиғи ресурстар басқармасы растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"28 мамыр күні Шал ақын ауданы Афанасьев ауылдық округінің аумағында "Асыл Farms" ЖШС "Сергеев Орман шаруашылығы" КММ аумағының шекарасына жақын жерде улы химикат төгілген. Орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталардың жапырағы сарғайған. "Сергеевское Орман шаруашылығы" КММ-нің жер телімі зардап шеккен жоқ. Бірақ химиялық заттың әсерінен зақымдану ықтималдығы бар", деп Sputnik Қазақстан ведомство түсініктемесін алға тартады.

Орман мекемесі тұрақты мониторинг жүргізетін болды. Теріс әсер нақтылғанған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатыны да айтылады.

Экология департаментінің баспасөз қызметі аммиактың төгілу фактісі бойынша шағым тек бүгін ғана түскенін айтады.

"Осы факт бойынша "Асыл Фармс" шаруашылық жүргізуші субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр", - дейді департаменттен.

Айта кету керек, бұл осы кәсіпорынға қатысты алғашқы оқиға емес. Өткен жылы осы ауданда улы химикаттардың төгілуіне байланысты Шал ақын ауданы Кривощеково ауылындағы ЖШС қоймасының жанында жайылып жүрген отар қой қырылып қалған. 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл ЖШС-нің көлден шамамен 100 метр қашықтықта орналасқан Новопокровка ауылының жанында агрохимикаттарды сақтайтын қоймасы бар. Ал ауыл тұрғындары осы көлден шаруашылық қажеттіліктері үшін су алады, мал суарады.

Экология департаментінде Шал ақын ауданы Новопокровка ауылының тұрғындарының ұжымдық шағымы негізінде "Асыл логистикс" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген.

ЖШС қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілген.

Сонымен қатар, департамент өткен жазда Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖШС нысанының жұмысын тоқтату туралы талап-арыз жолдаған.

Айта кетсек, желіде тараған видео авторы да малдардың біртіндеп қырылып жатқанын айтады. Оның пікірінше, бұл экологиялық апат салдарынан бүтін орман құрыйын деп тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: