Астана қаласында тұрғын үй кешенінің автотұрағынан өрт шықты

Астана, автотұрақ, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 13:45 Сурет: Telegram/qr_tjm
Астанада 6 маусым күні Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кешенінің автотұрағынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің Zakon.kz сайтына хабарлауынша, өрт сөндірушілер жоғары дәрежелік шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр.

Елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 11:56-да аттанды. 

"Өрт сөндірушілер 7 минуттан кейін келді, автотұрақта көлік жанып жатқаны анықталды. Өрт орнында жедел штаб құрылды, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан адамдарды барлап эвакуациялауда. Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сурет: Telegram/qr_tjm

Ведомствоның мәлімдеуінше, желдетілмейтін паркингтегі түтін арнайы машинаның көмегімен шығарылып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: