Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында қаза тапқан тракторшының отбасына әлеуметтік көмек көрсетіле ме

"Семей орманы" резерваты, орман, өрт, тракторшы, Абай облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 14:15 Сурет: Instagram/oo_osa_semey_vko
Сергей Архиповты Абай облысындағы өрттен зардап шеккендер тізіміне қосу немесе қоспау және оның отбасына қаржылай қолдау көрсету мәселесін үкіметтік комиссия шешеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маусымның 15-і күні Сенат кулуарында премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова марқұмға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін және оның тізімге енгізілетінін немесе енгізілмейтінін үкіметтік комиссия анықтайтынын айтты.

"Қосатынын не қоспайтынын үкіметтік комиссия шешеді. Әлеуметтік сақтандыру қоры бөлігінде оның қайтыс болуына байланысты асырауында адам болса, Әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылуына байланысты міндетті түрде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер тағайындалады.Бұл қаражат оның өртті сөндіруге қатысқан-қатыспағанына қарамастан төленеді".Тамара Дүйсенова

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаевтың айтуынша, Сергей Архиповтің өлімінің мән-жайы сараптамадан кейін нақты белгілі болады.

Қайтыс болған тракторист Сергей Архипов, Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, Абай облысындағы өрттен зардап шеккендер арасында жоқ. Оның жүрегі ұстап қайтыс болған. Бұл туралы ол 14 маусымда Мәжіліс кулуарында айтты.

10 маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долан ауылының тұрғыны Сергей Архиповтың денесі зорлық-зомбылық белгілерінсіз, өрт сөндірілген жерден 50 шақырым жерде табылды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: