Жаңалықтар тізбегі
0

Астана маңындағы өрт басына Төтенше жағдай министрінің өзі келді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2023 18:50 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
19 маусым сағат 18.30-дағы жағдай бойынша Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері 15 гектар аумаққа таралған елорда маңындағы өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың өзі келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманы техникалары жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің 2 МИ-17 тікұшағы тартылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сөндіру штабы құрылғаны да нақтыланады.

Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп төніп тұрған жоқ.

Төтеншеліктер қала тұрғындарынан қырағылық танытып, келесі сақтық шараларын сақтауды сұрайды:

  • ТЖД және басқа да сенімді көздердің ұсыныстарын орындаңыз;
  • егер сыртта болсаңыз, түтіннен қорғайтын маска киген дұрыс;
  • түтіннің бөлмеге енуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабыңыз.

Айта кетсек, Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 19 маусымда қураған ағаштың тұтанғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады. Таңғы сағат 9:12-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері оқиға орнына дабыл белгісімен аттанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: