Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда жасанды көгалды дауыл көтеріп кетіп, екі бала қатты зардап шекті

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2023 21:09 Сурет: видеодан алынды
Қарағандыда дүлей дауыл балалар алаңындағы жасанды көгалды көтеріп, жұлып әкетті. Салдарынан сол маңда алаңсыз ойнап жүрген екі балақай зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасанды көгалмен бірге көкке қаңбақша ұшқан балалардың бірі - 8, екіншісі - 9 жаста. Кішісі бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның иығы сынып, бас сүйегіне зақым келіпті. Ал екіншісі балалар ауруханасына жеткізілді. Оның да миы шайқалып, денесі сырылған, деп хабарлайды КТК.

Балалардың обалына қалған  жасанды көгал әлі дұрыстап бекітілмеген болып шықты. Бұл туралы қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, аталған оқиғаға қатысты есеп берді.

"Бұл жасанды көгалды жаюмен мердігер ұйым өткен аптадан бастап айналыса бастаған еді. Ол периметрі бойынша ғана бекітілген, бірақ пайдалануға берілмеген, себебі ойын элементтерін орнату керек болатын. Ата-аналардан осындай ауа-райында балаларды қараусыз қалдырмауын сұраймын! Аудандардың екі әкіміне барлық балалар алаңдары мен көгалдардың бекітілуін тексеруді тапсырдым". Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов

Айта кетсек, Астанада қатты жел салдарынан құлаған кран екіншісін де іліп кеткені хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: