Астанадағы банкте адамдарды кепілге алған күдікті екі айға қамауға алынды
Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты елордалық банкте адамдарды кепілге алу ісі бойынша күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамау туралы санкция берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мурадовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 18 маусым күні қарулы адам Kaspi Bank филиалын басып алды. Ер адам Kaspi активтерінің барлығын мүгедектігі бар балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға беруді талап етті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript