Ақтөбе облысындағы тас жолда болған жол апатынан төрт шетелдік қаза тапты
Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт шетелдік, оның ішінде екі бала қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды. Бұл жөнінде Zakon.kz тілшісіне облыстық полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 21 маусым күні таңғы сағат 8:15 шамасында Самара – Шымкент тас жолының 631 шақырымында Қобда ауылы маңында болған.
"Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі Тәжікстан Республикасының азаматы рөлге ие бола алмағандықтан, көлік аударылып кеткен". Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Оқиға салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Әртүрлі дене жарақаттарымен алты адам Қобда ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізіліп, екеуі, оның ішінде жасөспірім бала қайтыс болды.
Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Алдын ала болжам бойынша, көлік жүргізушісі жолға шаршаған күйде шыққан.
Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерін Жол жүру ережесін қатаң сақтауға шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript