Жаңалықтар тізбегі
0

Журналист Думан Мұхаметкәрім экстремизмді қаржыландыру ісі бойынша екі айға қамауға алынды

Думан Мұхамедкәрім қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 16:09 Сурет: Facebook/Есболат Айдабосын
Думан Мұхаметкәрім – экстремизмді қаржыландыру ісі бойынша күдікті. 22 маусым күні кешке сот оны екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы Іле аудандық соты 22 маусымда журналист Думан Мұхаметкәрімді экстремизмді қаржыландырды деген айыппен екі айға қамауға алды.


"Тергеушінің өтінішін қолдаған прокурордың пікірін ескере отырып, сот күдіктінің үстінен екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - деп мәлімдеді Іле аудандық соты. 

Сот отырысынан кейін журналист Думан Мұхаметкәрім Талдықорғандағы тергеу изоляторына ауыстырылды.

Думан Мұхаметкәрім Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258-бабы «Терроризмді немесе экстремистік қызметті қаржыландыруды және терроризмге немесе экстремизмге өзге де қатысы бар» және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 405-бабы «Экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруға байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімі шыққаннан кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе өзге де ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу»  бабы бойынша күдікті.

22 маусымда ол 25 тәуліктік әкімшілік қамауға алынған соң босатылуы керек еді, бірақ сот басқа шешім шығарды.

Бұл белгілі қазақстандық журналистердің қамауға алынуы бірінші рет емес. Мәселен, сәуір айында Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты журналист Владимир Северныйды екі айға қамауға алса, оның әйелі Наргиз үйқамаққа алынды. Ерлі-зайыптылар бопсалады деген күдікке ілікті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: