Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында хабар-ошарсыз кеткен әйелдің мәйіті табылды

Қостанай облысы, кісі өлімі, қылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 13:59 Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысының 58 жастағы тұрғыны 30 маусымда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Іздестіру кезінде күдікті ұсталып, ол аса ауыр қылмыс жасағанын мойындаған және полицейлерге жоғалған әйелдің мәйіті жерленген жерді көрсетіп берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел адамның жоғалып кеткені жөнінде полицияға оның ағасы арыз жазған. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, Қостанай облысы бойынша ТЖД, ҚР ҰҚК шеқара қызметі және еріктілер кіріскен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағаны туралы мойындаған күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйелдің мәйітінің жерленген жерін көрсетті", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері ҚР ҚК-нің 99-бабы – "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қостанай облысы, кісі өлімі, қылмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 13:59

Сурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Бұған дейін хабарсыз кеткен әйел ІІ топ мүгедегі екені хабарланған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: