Талғардан SOS сигналын жіберген: Алматыда із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Сурет: pixabay
Алматы қалалық полиция Департаменті, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, оралмаған, із-түзсіз жоғалған 1989 жылы туған Тимур Поповтың мәйіті табылғанын мәлімдеді, депхабарлайды Zakon.kz.
Құрылған жедел-іздестіру тобы жедел түрде Т.Попов азаматтың жүру бағытын анықтады: ол таксимен Талғар қаласына барған.
"Бүгін, 7 желтоқсан күні сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың өзінің әйеліне телефон арқылы "SOS" дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан "Талгарка" өзенінің арнасына тексеру жүргізді." Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі
Нәтижесінде судан жоғалған ер адамның денесі табылды.
Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript