Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Астана күнін тойлап жатыр

Қазақстан Астана күнін тойлап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2023 09:04 Сурет: Zakon.kz
6 шілде күні Қазақстанда мемлекеттік мереке – Елорда күні тойланады. Биыл бас қаламыз 25 жылдық мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының Мәдениет басқармасының Мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева елорданың 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын жариялады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ведомство өкілінің айтуынша маусым-шілде айлары аралығында қала күнін мерекелеуге Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты 12 мекемесінің күшімен 100-ден астам іс-шара жоспарланып отыр.

5-6 шілде ЭКСПО алаңында балалар мен ересектерге арналған «Гүл Астана» эко-фестивалі өтеді. Кіру тегін.

5-6 шілде «Гүл шаһары – Астана» Республикалық суретшілер плэнері жоспарланған. Онлайн конкурс арқылы 80 жұмыс жиналып, конкурс қорытынды бойынша экспо алаңына 15 үздік жұмыс көрмесі қойылатын болады. Кіру тегін.

6 шілде қаланың шет аймағында тұрғын үй алаптарында қала тұрғындары мен қонақтарына «Думанды Астана» концерттері өтеді. Басталуы 18:00. Кіру тегін.

6 шілде ЭКСПО алаңында OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді. Шарада отандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Аука, Дос, Akha, Мирас Жүгінісов, Қазбек Құрайш, Еркеш Хасен, Qanay, Raim өнер көрсетеді. Сонымен қатар, көрерменді құпия жұлдыз күтеді. Басталуы 18:00. Кіру тегін.

6-8 шілде Орталық саябақта отбасылық демалысқа арналған Mereke Street фестивалі өтеді. Уақыты 10:00-ден 22:00-ге дейін. Кіру тегін.

6-9 шілде Астаналық циркте «Franke» жұлдызды цирк бағдарламасы өтеді. Басталуы 16:00. Билеттер тикетон сайтында.

7 шілде «KITAP FEST» республикалық кітап көрмесі ұйымдастырылады. Уақыты 11:00-ден 19:00-ге дейін. Кіру тегін.

8-9 шілде көше тағамдарының фестивалі өтеді. Көше тағамдарының фествивалі Орталық саябақта, амфитеатр аумағында өтеді. Сондай-ақ бауырсақ пісіруден рекорд орнатылады. Басталуы 12:00-ден 20:00-ге дейін. Кіру тегін.

Сонымен қатар Астана күні қарсаңында Мәдениет басқармасына қарасты 6 театрда көрермендерге қойылымдар ұсынылады.

5, 6, 8 шілде Музыкалық жас көрермен театрын арнайы Астана қаласының 25 жылдығына «Қыз-Жібек» этно-фольклорлық мюзикл премьерасын ұсынады.

5-6 шілде Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы ұсынылады. Барлық қойылымдарға билеттер тикетон сайтында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: