Атырау облысында қамысты алқап өртін сөндіруге 70 адам жұмылдырылды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2023 09:37 Сурет: ҚР ТЖМ
Атырау облысындағы өртті сөндіруге 70-тен аса адам, 17 техника жұмылдырылған. Өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 шілдеде өрт ошақтарын сөндіруді жүзеге асыру үшін Қызылорда қаласынан СТҚ-5 су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағын тарту жоспарлануда.

Сондай-ақ, өрт ошағының айналасында жер жырту үшін соқасы бар К700 тартылатын болады.


Айта кетсек, 7 шілдеде сағат 08:19-да өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы көкке көтерілген болатын. Сондай-ақ, қамыс өртін сөндіруде аумақтың сулы-батпақты болуы қиындық туғызып жатырғанын атап өткен жөн. Өрт Атырау қаласынан 30 шақырым жердегі Кеңөзек ауылдық округі маңында орын алған.

Айта кетсек, Алматы облысы Балқаш ауданында да қамысты алқап өртенді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: